Біздің мақсатымыз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №11 бөбекжайы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
қызметінің мақсаты мен міндеттері
Бөбекжай қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде екі жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тәрбиелеу, оқыту және дамыту, сондай-ақ қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.
Бөбекжай тәрбиеленушілеріне тәрбиелеу, оқыту, дамыту, медициналық бақылау, қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын және мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындау кәсіпорын қызметінің басты мақсаты болып саналады.
Қызметінің міндеттері:
- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
- тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
- сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
- азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған ортаға, Отанға, отбасыға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету мақсатында отбасымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату;
- ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау мәселелері бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.









