Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы болғандықтан , дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже беретінін ескере отырып бөбекжай-бақша сы педагогтары мен тәрбиешілері арасында 2021 жылдың қаңтар айының 28-ші жұлдызында «Ойын өсіреді» калейдоскоп дидактикалық ойындар жинағы атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге бақшамыздың барлық педагогтарымен тәрбиешілері қатысты.Бұл көрменің негізгі мақсаты: педаготармен тәрбиешілердің бір-бірімен жаңа технологшияларды қолдана отырып ,материалдармен бөлісу. Бір-бірімен тәжірбие алмасу. Көрмеде балалардың логикасын, қол маторикасын, жалпы ойлау қабілетін тереңдету мақсатында түрлі дидактикалық ойындар дайындалды.
















